«Келешек мектептері» - сапалы білім беру мен оқушылардың саулығы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
🏫 «Келешек мектептері» жобасы аясында 2025–2026 оқу жылында 200 мыңнан астам оқушы орны пайдалануға беріледі✍️ Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында барлығы 460 мың оқушы орны ашылады.📑 2024 жылдың қорытындысы бойынша жаңа форматтағы 105 мектеп салынды. Ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 112 мектеп пайдалануға беріледі. Осылайша, жаңа оқу жылында қосымша 206 мың оқушы орны беріледі.✔️ Аталған жоба аясында салынған мектептер бұрынғы типтік мектептерден едәуір ерекшеленеді. Олардың жалпы аумағы 15–20%-ға үлкен, ал техникалық жабдықталу деңгейі төрт есе жоғары. Әр мектепте робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары мен төрт спорт залға дейін қарастырылған.🔹 Ұлттық жоба аясында барлығы 460 мың оқушы орнына арналған 217 мектеп салу жоспарланған.

Просмотров: 37
Комментарии
Ефимовкадағы ауа райы
Директор блогы
Опрос
Статистика
- Осы айда32
- Осы аптада5
- Кеше0
- Бүгін0
- Желіде:0